Жаңалықтар

Бүйректал жалпы білім беретін орта мектебінде 15-25 қаңтар аралығында  «Әкем-асқар тауым» тақырыбында онкүндік өткізілді. Онкүндік мақсаты: отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту және бала тәрбиесіндегі әке ролін арттыру. Онкүндік барасында жоспар жасалып, сыныптарда түрлі тәрбиелік іс-шаралар өткізілді.18 қаңтар күні 2-сыныпта Л.Хасенованың ұйымдастыруымен «Қолымнан бәрі келеді» әкелермен бірге сайыс ұйымдастырылды. Сайыста әкелер балаларымен бірге түрлі тапсырмалар орындады. 21 қаңтар күні 1-сыныпта сынып жетекшісі А.Анасованың ұйымдастыруымен өткен «Әкелер бізде қонақта» атты іс-шара өте қызықты әрі мазмұнды өтті деуге болады. Қызықты тапсырмаларды балаларымен бірге орындаған әкелер өздерінің балалары туралы түрлі сұрақтарға жауап берді.

Add a comment
1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 Rating 0.00 (0 Votes)

Мектебімізде қаңтар айынан бастап әкелер фестивалі өтуде. Бүгін 1 сыныпта «Әкелер бізді қонақта» деген тақырыппен  өткізілді. Балаларға отбасының ұйытқысы, негізгі тірегі әке екенін, әкеге деген сүйіспеншілікке, бала мен әке арасындағы тығыз әрі ыстық байланысты ұғындыру және Отбасындағы әке орнын, рөлін көрсете отырып, халықтық тәрбие негіздеріне тоқталып; Оқушыларды үлкендерді сыйлауға, әкені пір тұтуға, адамгершілікке, әке мен ер азамат ұғымының мәнін ұғынуға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды. Әкелер балалармен сағат моделін құрастырды сонымен қатар жұмбақ, мақал-мәтел жарысы болды.

Add a comment
1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 Rating 0.00 (0 Votes)

Тіл мен тарих-ғасырлар куәсі тақырыбындағы гуманитарлық пәндер онкүндігінде ағылшын тілінен Art and music тақырыбында 3 сыныпта және 6 сыныпта орыс тілінен "Наречие" тақырыбында ашық сабақ өтті. Жаңартылған бағдарламада білім алатын оқушылар бірнеше әдіс-тәсілдердегі тапсырмаларды орындауда белсенділік танытып қызығушылықтарын көрсетті. Сабақта топтық жұмыстар және жекеленген тапсырмалар орындалды.

Add a comment
1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 Rating 0.00 (0 Votes)

Жақсылық Нұрхан Жамбылбекұлы 13-16 қаңтар аралығында Қостанайда өткен 2001-2002 жылғы жастар арасындағы бокстан 75 келі салмақта 2 орынды иеленіп қайтты. Бапкері-Жақсылық Дәурен Қалиұлы.

Add a comment
1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 Rating 0.00 (0 Votes)

24 қаңтар күні 5-6 сыныптарда "Əкешім - асқар тауым" атты дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: бала тəрбиесіндегі əкенің рөлі ерекше екенін көрсету. Іс-шараға əкелер  мен балалар жұп болып қатысты. Көңілді тренингтер мен тапсырмалар орындады. Видеоролик көрсетіліп, сол бойынша əкелердің ойлары ортаға  салынды.

Add a comment
1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 Rating 0.00 (0 Votes)

Бүйректал жалпы білім беретін орта мектебінде, қысқы демалыста, оқушыларға оқулықты құрметтеуге, кітапты ұқыпты ұстауға үйрету,оқушының біліктілік танымын өмірмен байланыстыра отырып арттыру мақсатында 4 сынып оқушыларына «Кітап-ақылшы досын» атты іс-шара өткізілді.

Add a comment
1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 Rating 0.00 (0 Votes)

Страница 8 из 11

Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Ақсай ауылы, Бейбітшілік көшесі 1 үй

8 (714) 59-3-05-01

Buirektal_95@mail.ru