Жаңалықтар

Бүйректал жалпы білім беретін орта мектебінің кітапxанашысы Алибаева Сапия 12-сәуір күні ғарышкерлер мерекесін атап өтті."Мен ғарышкер боламын" атты саяxат 2,3-сынып оқушылар арасында өткізілді. Оқушылар викториналық сұрақтарға жауап беріп, суреттер салды.


Add a comment
1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 Rating 0.00 (0 Votes)

Ақпанның 14 күні мектеп кітапханашысы Алибаева Сапия биылғы мектеп бітіруші түлектерімізге мамандық таңдаудан қателеспеу және бағыт-бағдар беру мақсатымен «Мамандықты-дұрыс таңдай біл!» атты кездесу өткізді. Бұл жиынға сонымен қатар 9,10,11 сынып оқушылары да қатысып, өздерінің болашақтарына алдын-ала жоспар құруға мүмкіндік алды. Және де мамандық бірақ рет, біржола таңдалады деген сияқты әртүрлі сұрақтарға жауап беріп, оқушылар өзіне ұнаған кез келген фигураны таңдап бір адам бойындағы қасиет, қабілет білетін

Add a comment
1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 Rating 0.00 (0 Votes)

Бүйректал жалпы білім беретін орта мектебінің кітапханашысы Алибаева Сапия құстар күніне орай "Құстар-біздің досымыз" атты жиын ұйымдастырды. Күзде жылы жаққа ұшып кеткен құстарымыздың оралуына байланысты, 2-3 сынып оқушыларымен құстарды қарсы алып, оларға ұя жасап, жеммен тамақтандырды.

Add a comment
1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 Rating 0.00 (0 Votes)

06.02.2019 жылы мектебімізде Республикалық «Қамқорлық» акциясына орай «Жылы жүрек, жомарт қол» атты қайырымдылық концерті мен «Тәттілер шеруі» жәрмеңкесі өтті. Аталмыш шараға мектеп ұжымы, ауыл тұрғындары сондай-ақ жеке кәсіпкерлер жақсы қызығушылықпен белсене ат салысты. Болашақта еліміздің өркендеуіне білімді жастар ғана биік асулардан аса алатынын ескерсек, балаларға жасаған қамқорлық елімізге еселеп қайтатыны анық.

Add a comment
1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 Rating 0.00 (0 Votes)

Бүйректал жалпы білім беретін орта мектебінің 2 сынып оқушысы Абилкаиров Айбар аудандық 1-2 сыныптар аралығында өткізілген олимпиадаға қатысып III дәрежелі дипломға ие болды.


Add a comment
1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 Rating 0.00 (0 Votes)

Ақпан айының бірінші күні мектеп кітапханашысы Алибаева Сапия «Елімнің еркесі – Фариза Оңғарсынова» атты шағын жиын  өткізді. Бұл жиынға 6-сынып оқушылар белсене қатысты. Жиын Мұқағали Мақатаев атамыздың «Фаризаға» өленімен басталып, Фариза апайымыздың өмірбаяны мен шығармашылығы жайлы қысқаша мәлімет берілді. Сонымен қатар көрме ұйымдастырылды, онда жыр жұлдызы Фаризаның суреттері мен кітаптары қойылды.

Add a comment
1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 Rating 0.00 (0 Votes)

Страница 7 из 11

Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Ақсай ауылы, Бейбітшілік көшесі 1 үй

8 (714) 59-3-05-01

Buirektal_95@mail.ru