Мамандықты-дұрыс таңдай біл!

1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 Rating 0.00 (0 Votes)

Ақпанның 14 күні мектеп кітапханашысы Алибаева Сапия биылғы мектеп бітіруші түлектерімізге мамандық таңдаудан қателеспеу және бағыт-бағдар беру мақсатымен «Мамандықты-дұрыс таңдай біл!» атты кездесу өткізді. Бұл жиынға сонымен қатар 9,10,11 сынып оқушылары да қатысып, өздерінің болашақтарына алдын-ала жоспар құруға мүмкіндік алды. Және де мамандық бірақ рет, біржола таңдалады деген сияқты әртүрлі сұрақтарға жауап беріп, оқушылар өзіне ұнаған кез келген фигураны таңдап бір адам бойындағы қасиет, қабілет білетін

«Психогеометрия»деген ойын ойнатылды. Кездесуімізді М.Мақатаев атамыздың «Адам өмірінде екі нәрсе таңдауда қателеспеу керек: біреуі-жар таңдауда, екіншісі-мамандық таңдауда» деп айтқан қанатты сөзімен аяқтадық.  

 

 

Яндекс.Метрика
© 2020 Бүйректал жалпы білім беретін орта мектебі. Барлық құқық қорғалған. Сайт құрастырушы- Абилтаев Дастан

Мәзір