Аудан жастарының "Алтын кітабына" енді

1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 Rating 0.00 (0 Votes)

Сүйінші жерлестер! Өзінің спорт саласындағы жетістіктерімен қуантып жүрген Бүйректал жалпы білім беретін орта мектебінің 11-сынып оқушысы Жақсылық Нұрхан Жамбылбекұлы 27 желтоқсан аудан орталығында өткен«Аудан жастарының алтын кітабына» жазылған бір топ талантты жастармен кездесу рәсіміне қатысты.

Рәсімге есімдері бұрын облыс, аудан жастарының «Алтын кітабына» жазылған жастар мен жас мамандары қатысты.
Есімдері аудан жастарының «Алтын кітабына» биылғы жылы жазылған жастарды аудан әкімі Ә.Б.Асанов құттықтап, оларға ақ тілегін арнап, арнайы куәлік пен лента және гүл тапсырды. Биылғы жылғы жастар тізіміне біздің Нұрханның ілігуі біз үшін қуантарлық жаңалық болды.Нұрхан баламыздың болашағына тек сәттілік тілейміз! "Аудан жастарының Алтын кітабына" енуімен құттықтай отырып,есімің тек биіктен аталып,ауылымыздың атын биіктен көрсете бер демекпіз!

Яндекс.Метрика
© 2020 Бүйректал жалпы білім беретін орта мектебі. Барлық құқық қорғалған. Сайт құрастырушы- Абилтаев Дастан

Мәзір