Жемқорлыққа жол жоқ

1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 Rating 0.00 (0 Votes)

Бүйректал жалпы білім беретін орта мектебінде жоғары 9-11 сынып оқушылары арасында сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен "Жемқорлыққа жол жоқ" атты тәрбие сағаты мен дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: "Сыбайлас жемқорлық" деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру сондай ақ

өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу, өз Отанының патриоты болуға тәрбиелеу болды. Сынып оқушыларына түрлі видеороликтер көрсетіліп, өз ойлары тыңдалып, сұрақ- жауап түрінде өрбіген іс- шараға барлығы 23 бала катысты.