Эстетикалық пәндер онкүндігі аясында желтоқсанның 14 күні мектебімізде «Ән жырым сенсің туған жер» атты тақырыпта 5-10 сынып оқушылары мен аналары арасында сайыс өтті. Сайысқа 6 топ қатысып, әр топта 1 ана, 1оқушыдан болды. Сайыс 3 бөлімнен тұрды.
1) Таныстыру
2) Патриоттық немесе ретро әндер
3) Дәлме дәл (бір әншіге пародия)
Осындай 3 бөлімнен тұратын сайыстың қорытындысы бойынша әр топқа мақтау қағаздары берілді.
* Исмагуловтар отбасы-«Шығармашыл»
* Қажымұхановтар отбасы-«Өнерлі»
* Ибышевтар отбасы-«Белсенді»
* Алишерлер отбасы-«Заманауи отбасы» деген атақ алды.
Ал «Ең үздік әншілер» атағын Тажиндар отбасы жеңіп алды.