Жаңалықтар

Предыдущий Вперед

Ақсай ауылында спортзалдың ашылу салтанаты өтті

1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 Rating 5.00 (1 Vote)

👏 Бүгін Ақсай ауылдық округінде күрделі жөндеуден өткен мектеп спорт залының ашылу салтанаты болды.

▶️Рәсімге аудан әкімі Әмірхан Асанов, білім бөлімінің басшысы Мұрат Дихамбаев, ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрлыбек Тәжин, мәдениет бөлімінің басшысы Сағынғали Сейдин, аудан селосының әкімі Гаухар Жәнділдина және ауылдық округ әкімдері мен мектеп ұжымы, БАҚ өкілдері қатысты.

🔸 Ашылу салтанатында аудан әкімі Әмірхан Асанов ауыл тұрғындары мен оқушыларды спорт залдың ашылуымен құттықтап, аудан бойынша білім салаларында жасалып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды. Сыртта жүрген жерлестер және ауданның қалталы азаматтарының арқасында үлкен жұмыстардың атқарылып жатқанын атап айтып, оларға ризашылығын білдірді. Спорт залды жөндеуге демеушілік жасаған жомарт жүрек жандарға Алғыс хатын табыстады.

⏺Рәсім барысында кәсіпкерлер Аман Ілиясұлы Аянов спорт құралдарын, ал Александр Эдуардович Павловский, Қайрат Зейноллаұлы Омарбеков спорт киімдерін тарту етті.

⏩Жас спортшылар спорттың түрлерінен мастер класс көрсетіп, волейболдан жолдастық кездесу өткізді.

➕Ақсай ауылының жастары енді бос уақыттарын босқа өткізбей, салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен айналысатын болады.

Администратор

Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Ақсай ауылы, Бейбітшілік көшесі 1 үй

8 (714) 59-3-05-01

Buirektal_95@mail.ru