Жаңалықтар

Ар-намысты арқалаған рухты батыр Бауыржан

1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 Rating 0.00 (0 Votes)

14 қазан күні Бүйректал жалпы білім беретін орта мектебінің 5-7 сыныптары Б.Момышұлының 110 жылдығына  орай "Адалдық" сағаты "Ар-намысты арқалаған рухты батыр Бауыржан" тақырыбында өткізілді.

Сабақ барысында Бауыржан Момышұлының отанcүйгіштік қасиеттерін мысал ете отырып өз елдеріне адал қызмет етуге тәрбиелеу мақсатында дәріс берілді. Ерліктің символы болған Бауыржан батырдың өмірінің өзі сенімділік пен адалдық, адамдыққа апаратын ұлы күш іспеттес. Сондықтан оқушылар бойына ата-ана тәрбиесіне берік болуға, арсыздыққа бармауға ақыл-кеңес берілді. Болашақта жастардың адал еңбек етуіне, өз еліне қызмет жасауына зор сенім білдіретіндігіміз ұғындырылды.

Сынып жетекшілер:   Баймаганбетова А.К., Биркемелова М.Е.

 

Администратор

Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Ақсай ауылы, Бейбітшілік көшесі 1 үй

8 (714) 59-3-05-01

Buirektal_95@mail.ru