Мамандық үздігі

1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 Rating 0.00 (0 Votes)

Қазіргі уақыт әр мамандық иесінің өз ісіне ерекше, жауапты болғанын талап етеді. Өз мамандығына аса ыждахатты қарайтын адам еңбекқор, талап қоя білетін, жұмысын өте жақсы атқаратын еңбек иесі болып саналады.

Соның бірі және бірегейі-Байғонысова Айман Ахметқалиқызы. Ауылымыздың мәдениет ошағында 1997 жылдан бері еңбектеніп келеді. Білімі-арнаулы орташа. Ерекше адал еңбегі үшін аудандық, облыстық марапаттаулары да бар. Айман апай ауылдастарымен, әсіресе мектеп оқушыларымен өте жақсы деңгейде қарым-қатынаста. Балалардың жас ерекшелігіне қарай қандай кітап-журналдар оқу керек екеніне кеңес беріп, оларды кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

Айман апай 4 баланың анасы, немерелерінің мейірімді, үлкен жүректі әжесі.