Бүйректал жалпы білім беретін орта мектебінде 1-наурыз Алғыс айту күніне орай "Шын жүректен алғыс айтамын" атты мерекелік іс-шара өтті. Мектеп басшысы Әділ Жұмабекұлы оқушылар мен ұстаздарды алғыс айту күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Оқушылар барлығын алғыс айту күнімен өлең жолдарын айту арқылы құттықтады. 7-сынып оқушылары барлық мектеп қызметкерлеріне жүрекше түріндегі құттықтау парақтарын ұсынып, барлығына көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
"Көркемсөз" үйірмесінің жетекшісі: Аренова Диана Куанышбековна.