Previous Next

Сәбит Досановты жақсы білеміз бе?

1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 Rating 0.00 (0 Votes)

Бүйректал жалпы білім беретін орта мектебінің кітапханашысы Алибаева С. «Сәбит Досановты жақсы білеміз бе? » атты 7-сынып оқушыларына дөңгелек үстел ұйымдастырды. Қазіргі қазақ әдебиетінде әдеби сынның назарынан қалыс жүрген жазушылар аз емес.

Жазушы Сәбит Досанов есімі көпшілік қауымға жақсы таныс. Оның алғашқы очерктері мен әңгімелер жинағы 1966 жылы жарық көрген еді. Мұнан кейін де жиырмадан астам шығармалары оқырман қолына тиді. Олардың ішінде повесть, романдардан басқа пьесалар, әдеби-зерттеу еңбектері де бар. Солардың бірі – күні бүгінге дейін 25 том көлеміндегі көркем шығармалары жарық көрген жазушы, Мемлекеттік және М.Шолохов, В.Пикуль атындағы Халықаралық сыйлықтардың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ресей әдебиет академиясының академигі, Ресей педагогика және әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, Қостанай облысының құрметті азаматы, бірқатар шығармалары алыс және жақын шет елдерде кітап болып шыққан, көрнекті суреткер Сәбит Досанов.

Плейлист VK

Яндекс.Метрика
Бөлісу
© 2020 Бүйректал жалпы білім беретін орта мектебі. Барлық құқық қорғалған. Сайт құрастырушы- Абилтаев Дастан

Мәзір