Жаңалықтар

Мамандықты таңдай біл!

1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 Rating 0.00 (0 Votes)

Бүйректал жалпы білім беретін орта мектебінің кітапханашысы Алибаева С. ұйымдастыруымен 9-11 сынып оқушыларына "Мамандықты таңдай біл" атты іс-шара өткізілді. Кітапханашының мақсаты: оқушылардың болашақ мамандығын айқын да сенімді таңдауға бағыт беру, мамандыққа байланысты термин сөздердің жалпы мағынасын аша білу, қоғамға бір пайдасы тиетін мамандық иесі болуға тәрбиелеу.

Іс-шара аясында оқушыларға "миға шабуыл" , психологиялық тест, дидактикалық ойындар, тренингтер өткізді. Қорыта келе, «Елдің ертеңі біздің қолымызда» «Адам өз өмірінде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі – жар таңдау, екіншісі – мамандық таңдау» деп М. Мақатаев атамыз айтқандай, мамандық таңдау – жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Бүгінгі тәрбие сағаты сіздердің болашақта қай бағдарда оқитындарыңызды, өз қызығушылықтарың мен қабілеттеріңе сәйкес келетін мамандықты анықтауға, кейбіреулеріңізге өз таңдауларыңызды жасауға үлкен септігі тиді деп ойлаймын деп аяқталды.

Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Ақсай ауылы, Бейбітшілік көшесі 1 үй

8 (714) 59-3-05-01

Buirektal_95@mail.ru