Бүйректал жалпы білім беретін орта мектебінде 5,6 сынып оқушылары мен ата - аналары арасында "Екі жұлдыз" байқауы өтті. Ұйымдастырушы сынып жетекшісі Айман Баймаганбетова. Байқаудың мақсаты ата- аналармен тығыз байланыста болу, оқушылардың әнге қызығушылықтарын арттыру, сахна мәдениетіне үйрету.
Байқау 3 кезеңнен тұрды.
- "Біздің сүйікті әніміз"(үй жұмысы)
- "Караоке- ән"
- "Ән әлемінде" ( әуен арқылы әннің атауын авторын, әншіні табу)
Қатысқан 5 жұптың ішінен 1 орынды Арыстанбек Нұрислам анасымен , 2 орынды Мирасбек Нұрсая анасымен, 3 орынды Балтабай Анар жеңгесімен иеленді. Белсенді жұптар Серікбаева Сабина анасымен және Сарсенгалиева Қарақат жеңгесімен алғыс хаттармен марапатталды.