Previous Next

Желтоқсан - тәуелсіздіктің белгісі

1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 Rating 0.00 (0 Votes)

Бүйректал жалпы білім беретін мектеп кітапханашысы Алибаева С. С. 16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күніне орай

"Желтоқсан - тәуелсіздіктің белгісі" атты сурет көрмесі мен жиын ұйымдастырды. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге биыл 28 жыл толды. Кітапханашының мақсаты: 1986 жылдың желтоқсанындағы адал да, аңғал Қазақ жастарының бодандыққа қарсы жойқын бұлқынысы, бейбіт шеруге шыққан, тұңғыш рет Кеңес империясының зорлықшыл тас қамалына тайсалмай қарсы шыққан желтоқсан құрбандарының ерлігін, жалынды жырларын оқушылар көңіліне ұялату. Оқушылардың тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, сыйластыққа, ұлтшылдыққа тәрбиелеу. Қорытындылай келе, тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты қажыр-қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат керек.