Previous Next

"Ойлан! Ұсын! Жүзеге асыр!" атты аудандық Жастар форумы

1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 Rating 5.00 (1 Vote)

Аудандық Мәдениет үйінде «Ойлан! Ұсын! Жүзеге асыр!» атты аудандық Жастар форумы өтті. Форумға Қостанай облысынан, Арқалық қаласынан жастармен жұмыс жасайтын мамандар,

түрлі салада еңбек етіп жүрген жас мамандар, ауданымыздың белсенді жастары, ауыл жастары, еріктілер қатысты. Форум барысында аудан әкімі Ә.Б.Асанов форумға қатысушы жастарды құттықтап, бірқатар жастарға еңбектегі табысты қызметі үшін Алғыс хат табыс етті. Марапатталған жастар арасында ауылымыздың жас маманы Жақсылық Дәурен Қалиұлы да бар. Жас маманға еңбекте шығармашылық табыстар тілейміз!!!