Арқалыққа саяхат

1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 Rating 0.00 (0 Votes)

09 казан 2019 жылы Буйректал жалпы білім беретін орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті мұгалімі , мектептегі өлкетану муражайының жетекшісі Айман Баймаганбетова 5, 6 сынып оқушылырын Арқалық қаласына "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасының "Туған жер"  бағыты аясында саяхат жасады.

Саяхат бағдарламасында Кейкі Көкенбайұлы  кесенесіне тағзым ету, Арқалық педагогикалық институтындағы Ы. Алтынсарин мұражайына,  Жаратылыстану факультетінің мұражайына , Көркем өнер факультетінің студенттерінің кол өнер шыгармашылық көрмесі, қалалық өлкетану мұражайы, жасөспірімдер театры және «Балажан» ойын - сауық орталығына бару жоспарланды.

Арқалық пединститутында оқушылар белгілі ақын, айтыскер Айбек Киікбайұлы Қалиевпен кездесті. Қазақ тілі мен әдебиеті факультетінің деканы, профессор, " Торғай ақындық мектебі" атты студенттерге арналған оқу құралының авторы, " Руханият" жастар театырының ұйымдастырушысымен керемет кездесу өтті. Оқушылар ақынды бетпе-бет көріп алғашында толқуларын да жасырмады. Отыра келе өз ойларындағы сұрақтарын қойып ақынның өмір жолымен шығармашылық жолымен танысты.

Бір күндік саяхат балалардын рухани дамуына көп үлесін қосары сөзсіз. Бұл саяхатта ойламаған жерде Кейкі атамыздын басында  жерлесіміз ҚР еңбек сіңірген жазушысы Сәбит Досановты кездестіріп, оқушылардын қуанышында шек болмады.