1 қыркүйек-Білім күні

1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 Rating 0.00 (0 Votes)

Еліміздің барлық мектептері бүгін шәкірттеріне есіктерін айқара ашты. Ауылымыздағы білім ордасы да 2019-2020 оқу жылының алғашқы күнін бастады.1 қыркүйек Білім күні «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» тақырыбында сағат 10.00-де салтанатты жиынмен басталды. Салтанатты жиынға «НұрОтан» партиясы Амангелді аудандық филиалының бірінші орныбасары Әбдіғали Н.Қ. және Амангелді аудандық білім бөлімінің әдіскері Исабаев С.Б. қатысты.

Салтанатты жиын әнұранмен басталып, мектеп директоры Аренов Ә.Ж. алғысөзімен жалғасты. Келген қонақтардың игі тілектері айтылды. Ауыл әкімі Садуақасов Ш.Қ.оқушылар мен ұстаздарды,ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.1-сынып оқушыларының өлең ,тақпақтарына кезек берілді. 1-сынып ата-аналары өздерінің ақ тілектерін білдірді. Салтанатты жиын 10.45-те аяқталды. Мереке күнінің жалғасы алғашқы білім сағаттарымен жалғасты. Білім сағаттары әр сыныптың оқу бөлмелерінде сынып жетекшілер өткізді. «НұрОтан» партиясы Амангелді аудандық филиалының бірінші орныбасары Әбдіғали Н.Қ. , Амангелді аудандық білім бөлімінің әдіскері Исабаев С.Б.және ауыл әкімі Садуақасов Ш.Қ. алғаш мектеп табалдырғын аттап отырған 1-сынып оқушыларының және мектеп бітіруші 11-сыныптың тәрбие сағаттарына қатысты.

Яндекс.Метрика
© 2019 Бүйректал жалпы білім беретін орта мектебі. Барлық құқық қорғалған. Сайт құрастырушы- Абилтаев Дастан

Мәзір