Жаңалықтар

Түлектердің игі ісі

1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 Rating 1.00 (1 Vote)

Биыл Бүйректал орта мектебін 1994 жылы бітірген түлектерге 25 жыл.  Олар 1977 жылы туылған азаматтар.  Осыған орай 25 мамыр "Соңғы қоңырау" салтанатты жиынына түлектер атынан Анасов Самғат Сайлаубайұлы келіп мектепке 2 тақта сыйға тартты.  Бір тақта 2019-2020 оқу жылы 1 сыныпқа баратын оқушыларға болса,  екіншісі сынып жетекшілері Б.А.Құлекешқызының 49 мүшел жасына, орыс тілі оқу бөлмесіне.

Айман апайдың бірінші түлектеріне ризашылығы шексіз. Кешегі түлектері бүгін ел азаматтары болған оқушыларына денсаулық,  амандық,  табыс тілей отырып оқыған мектептерін ұмытпай үлгілі істеріне береке тілейді. Әсіресе сонау Астанадан машинасымен әкеліп берген Самғатқа ұжым атынан алғыс білдіреміз.

 

Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Ақсай ауылы, Бейбітшілік көшесі 1 үй

8 (714) 59-3-05-01

Buirektal_95@mail.ru