100 жаңа есімге лайықты тұлға

Категория: Жаңалықтар Создано: 19.04.2019 Автор: Администратор
1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 Rating 5.00 (2 Votes)
View Comments

Саналы ғұмырын қазақ халқының ұлттық өнерінің өркендеуіне жұмсаған, жалынды жастық шағынан бастап өнер жолына түскен Сапарғали Ахметжанов өзінің еңбек жолын ұстаздықтан бастап, өскен жері Бүйректал ауылынан ұшқан үздік түлектердің бірі. Өзі сүйіп ойнайтын төкпе күй мен шертпе күйдің атасы, бойындағы бар өнерін, шеберлігін шәкірттерінің бойына сіңіруге асыққан,  осы уақытқа дейін дем алуды білмеген, уақытпен санаспаған еңбектің арқасында жоғары жетістіктерге жетіп отыр.


-1977 жылы Амангелді ауданы мәдениет үйі оркестрі;
-1980 жылы Амантоғай;
-2001 жылы Астана қаласы №4 Ж.Жабаев мектебі;
-2016 жылы Астана гуманитарлық колледж студенттері оркестрі "Халықтық" атағын алды.

"Мойылды толқындары" ансамблінің ашылуына мұрындық болды.

Ансамбльдің аспаптарына өз қаражатынан демеушілік жасады.


ҚР мәдениет министрлігінің "Мәдениет қайраткері" белгісі, Амангелді ауданының "Құрметті азаматы", "Нұр Отан" партиясының Алғыс хаттары,  Мәдениет министрлігінің Құрмет грамоталары,  2005 ж. Киев қаласы, дельфийлік ойындарының "Алтын медалі", қаншама өнер сайыстарының лауреаты 100 жаңа есімге ЛАЙЫҚ!

Просмотров: 491