Joomla шаблоны бесплатно http://joomla3x.ru

Критериалды бағалау

Категория: Uncategorised Автор: Администратор
1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 Rating 0.00 (0 Votes)

Критериалды бағалау - оқушы білімінің көрсеткіші

Критериалды бағалау –оқушылардың білім жетістіктерін ұжыммен келісілген, оқу үрдісіне қатысушыларға алдын-ала белгілі, оқушылардың негізгі құзыреттілікте-рінің қалыптасуына жағдай жасайтын, білім берудің мақсаты мен мазмұнына сәйкес нақты анықталған критерийлер бойынша  салыстыруға негізделген.

Критериалды бағалау міндеттері:

  • Оқу үрдісінің әрбір кезеңінде оқушының дайындық деңгейін анықтау;
  • Оқу бағдарламасына сәйкес оқытудың мақсаты мен нәтижелерінің жетістіктерін оқушылардың өздерінің талдауы;
  • Әрбір оқушының жеке даму траекториясын бақылау;
  • Оқу бағдарламасын меңгерудегі олқылықтарды жою үшін оқушыларды ынталандыру;
  • Оқу бағдарламасының тиімділігін бақылау;
  • Оқу үрдісін ұйымдастырудың және оқу материалын меңгерудің ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім, оқушы және ата-ана арасында кері байланысты қамтамасыз ету.

 

Критериалды бағалау артықшылықтары:

  • Оқушының жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланады;
  • Оқушының жұмысы дұрыс орындалған жұмыс үлгісімен (эталон) салыстырылады;
  • Үлгі (эталон) оқушыларға алдын-ала белгілі;
  • Оқушыға бағалау алгоритмі алдын-ала белгілі;
  • Білім берудің сапасы артады;

 

Критериалды бағалау:

Мұғалімдерге:

  • Сапалы нәтиже алуды қамтамасыз ететін критерийлерді құрастыруға;
  • Өз жұмысын талдау және жоспарлау үшін ақпарат алуға;
  • Оқу үрдісінің сапасын жақсартуға;
  • Әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып,  оқушы үшін оқытудың жеке траекториясын алуға;
  • Бағалаудың әр түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға;
  • Оқу бағдарламасының мазмұнын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді.

 

Оқушыларға:

  • Нәтижені талдау үшін бағалау критерийлерін білу және түсінуге;
  • Рефлексияға қатысу, яғни өзін және өз достарын бағалауға;
  • Нақты есептерді шешуде білімдерін қолдану, өз ойларын еркін жеткізе білуі, сын тұрғысынан ойлай білуге.

 

Ата-аналарға:

  • Баласының білім деңгейлерін бақылай алуға;
  • Баласының оқу үрдісін бақылай алуға;
  • Баласына оқу үрдісі кезінде қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. 
Просмотров: 373