ЖАҢА ӘЛІПБИ НЕГІЗІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ ЕМЛЕСІНІҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ - ІХ тарау СӨЗДЕРДІҢ ТАСЫМАЛДАНУЫ

1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 Rating 4.43 (14 Votes)

Содержание материала

ІХ тарау

СӨЗДЕРДІҢ ТАСЫМАЛДАНУЫ

99. Сөз буын жігіне сәйкес тасымалданады: oqý-shylar, oqýshy-lar; bel-sendi, belsen-di; beı-bitshilik, beıbit-shilik, beıbitshilik.

100. Буын й мен у дауыссыздарынан басталғанда da-ýys (daý-ys емес), sa-ýat (saýat емес), da-ıyndyq (daı-yndyq емес), qu-ıyn (quı-yn емес) түрінде тасымалданады.

101. Сөз ішінде үш дауыссыз дыбыс қатар келгенде, сөздің түбірі сақталып тасымалданады: kúńgirt-teý (kúńgir-tteý емес), jańǵyrt-ty (jańǵyr-tty емес).

102. Біріккен және кіріккен сөздер буын жігімен тасымалданады: de-malys, dema-lys (dem-alys емес); kó-goraı, kógo-raı (kóg-oraı емес).

103. Бір буынды сөздер тасымалданбайды: aı, kún, vólt, kvars, pýnkt.

104. Сөздің жеке әрпі келесі жолға тасымалданбайды: ara (a-ra, ar-a емес), aıaq (a-ıaq емес), alaqan (a-laqan емес), uıa (u-ıa, uı-a емес).

105. Бас әріптен қысқарған сөздерді тасымалдауға болмайды: AQSh, TMD, BUU.

106. Кісі есімінің қысқартылған әрпі мен тегі тасымалданбайды: A.Baıtursynuly, B.Momyshuly, Ǵ.Mustafın, Á.Kekilbaı.

107. Цифрлармен келген қысқарған өлшем бірлік атаулары және шартты таңбалар тасымалданбайды: 25 ga (25-ga емес), 50 sm (50-sm емес), 50 % (50-% емес).

 

 

Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Ақсай ауылы, Бейбітшілік көшесі 1 үй

8 (714) 59-3-05-01

Buirektal_95@mail.ru