ЖАҢА ӘЛІПБИ НЕГІЗІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ ЕМЛЕСІНІҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ - VIIІ тарау ШЕТТІЛДІК СӨЗДЕР ЕМЛЕСІ

1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 Rating 4.43 (14 Votes)

Содержание материала

VIIІ тарау

ШЕТТІЛДІК СӨЗДЕР ЕМЛЕСІ

76. Шеттілдік бірқатар сөздер түпнұсқасына ұқсас жазылады, оларға қосымша буын үндестігіне сәйкес жалғанады: moderator (-dyń, -y, -ǵa, -lar), marker (-diń, -i, -ge, -ler), stepler (-diń, -i, -ge, -ler), vaýcher (-diń, -i, -ge, -ler), sýpervaızer (-diń, -i, -ge, -ler), banknot (-tyń, -y, -qa, -tar), bankomat (-tyń, -y, -qa, -tar), planshet (-tiń, -i, -ke, -ter), onlaın (-nyń, -y, -ǵa, -dar), oflaın (-nyń, -y, -ǵa, -dar), dızaın (-nyń, -y, -ǵa, -dar), barmen (-niń, -i, -ge, -der), resepshn (-niń, -i, -ge, -der), skrınshot (-tyń, -y, -qa, -tar), blokbaster (-diń, -i, -ge, -ler).

77. Бірқатар кірме сөздер айтылуы бойынша жазылады: taýar, nómir, poshta, kástóm, pálte, poıyz, sıez, slesir, vedimis, vedimistik, ketchúp.

78. ё әрпі о́ әрпімен таңбаланады. Қосымша соңғы буынның үндесіміне сәйкес жалғанады: manо́vr (-diń, -i, -ge, -ler), brýselо́z (-diń, -i, -ge, -der), aktór (-diń, -i, -ge, -ler), amóba (-nyń, -ny, -ǵa, -lar), dırıjо́r (-diń, -i, -ge, -ler), rejısо́r (-diń, -i, -ge, -ler).

79. ц әрпі және сц әріп тіркесі s әрпі арқылы жазылады: sırk, sement; desımetr, proporsıonal, kvars, korporasıa, senarı, abses, plebısıt.

80. щ әрпі әрпімен жазылады: ýchılıshe, praporshık, borsh, shı (тағам).

81. э әрпі е әрпімен жазылады: element, elevator, poetıka, koefısent.

82. ю әрпі ú әрпімен жазылады: parashút, absolút, glúkoza, debút, prodúser, lúks, valúta, búdjet, búro, sújet, búleten, fúchers, kompúter, tútor, konúktýra, konúktıvıt. Қосымшалар соңғы буынның үндесіміне сәйкес жалғанады.

83. я әрпі а́ әрпімен жазылады: zarа́d, knáz, narád, razrád, grıláj. Қосымша §16 бойынша жалғанады.

Ескерту. и (ı) әрпінен кейін тұрған я-ның орнына а жазылады: aksıa, alergıa, hımıa, gımnazıa.

84.Жіңішкелік белгісі (ь) бар буынға жіңішке дауыстылардың әрпі жазылады, қосымшалар түбірдің соңғы буынына үндесіп жалғанады: аlkogól (-diń, -i, -ge, -der), аnsámbl (-diń, -i, -ge, -der), asfált (-tiń, -i, -qa, -ta), álbatros (-tyń, -y, -qa, -tar), álbom (-nyń, -y, -ǵa, -dar), álfa (-nyń, -ǵa), álmanah (-tyń, -y, -qa, -tar), álpınıs (-tiń, -i, -ke, -ter), ált (-tiń, -i, -ke), álternatıv (-tiń, -i, -ke, -ter), áltron (-nyń, -y, -ǵa, -dar), bálzam (-nyń, -y, -ǵa, -dar), batalón (-niń, -i, -ge, -der), búldog (-tyń, -y, -qa, -tar), búldozer (-diń, -i, -ge, -ler), dúbl (-diń, -i, -ge, -der), gólf (-tiń, -i, -ke, -ter), gаstról (-diń, -i, -ge, -der), kúlt (-tiń, -i, -ke), kоbált (-tiń, -i, -qa, -tar), kоról (-diń, -i, -ge, -der), medalón (-niń, -i, -ge, -der), múltfılm(-niń, -i, -ge, -der), ós (-tiń, -i, -ke, -ter), pálma (-nyń, -sy, -ǵa, -lar), parо́l (-diń, -i, -ge, -der), púlt (-tiń, -i, -ke, -ter), roıál (-diń, -i, -ǵa, -dаr), rúbl (-diń, -i, -ge, -der), sırkúl (-diń, -i, -ge, -der), váls (-tiń, -i, -ke, -ter), vestıbúl (-diń, -i, -ge, -der), vólfram (-nyń, -y, -ǵa, -dar), vólt (-tiń, -i, -ke), fakúltet (-tiń, -i, -ke, -ter), festıvál (-diń, -i, -ǵa, -dаr), fólklor (-dyń, -y, -ǵa, -lar).

Ескерту. жіңішкелік белгісі (ь) тұрған буында e, ı әріптері болса, бұл белгі ескерілмейді: akvarel (-diń, -i, -ge, -der), artıkl (-diń, -i, -ge, -der), atele (-niń, -si, -ge, -ler), barelef (-tiń, -i, -ke, -ter), barer (-diń, -i, -ge, -ler), gelmınt (-tiń, -i, -ke, -ter), kegl (-diń, -i, -ge, -der), kelt (-tiń, -i, -ke, -ter), lager (-diń, -i, -ge, -ler), premer (-diń, -i, -ge, -ler), premera (-nyń, -ǵa, -lar), relef (-tiń, -i, -ke, -ter), shıfoner (-diń, -i, -ge, -ler), stil (-diń, -i, -ge, -der), fılm (-niń, -i, -ge, -der).

85. Айыру белгісі (ъ) ескерілмей жазылады, қосымшалар соңғы буын үндесіміне сәйкес жалғанады: sýbekt, оbekt, feldeger, adektıv.

86. -тч әріп тіркесімен аяқталатын сөздердегі т әрпі түсіріліп жазылады: skoch, skech, mach.

87. дж әріп тіркесі бар сөздерде д әрпі түсіріліп, қосымшалар үндестік заңы бойынша жазылады: menejer (-diń, -i, -ge, -ler), jınsі (-nіń, -sі, -ge, -ler), jentlmen (-niń, -i, -ge, -der). Бірақ búdjet, lodjy болыпжазылады.

88. Сөз соңындағы қайталанған қосар әріптің біреуі түсіріледі: klas (-tyń, -y, -qa, -tar), hol (-dyń, -y, -ǵa, -dar), bal (-dyń, -y, -ǵa,-dar).

89. Сөз ортасындағы қайталама сс, мм, лл, тт, фф, нн, бб, рр, пп, гг, дд, кк, уу дыбыстарын білдіретін әріптердің бірі түсіріліп жазылады: patıson, komısar, resor, profesor, prosesor, asonans, dısonans, dısıdent; gramatıka, komýna, ımýnogen, ımıgrant, mamologıa, sımetrıa, amıak, anagram; metalýrgıa, elıps, kolej, sılabýs, koloıd, kolokvıým, trıler, alofon, troleıbýs; kotej, atestat; efýzıa, afekt, afrıkat, koefısıent; týnel, aneksıa, baner, tenıs, konotat; abrevıatýra, gıbon, korespondent, popýrı, korektor, ıpodrom, oponent; sýgestıa; adıtıv; akaýnt, akord, akredıtteý, vakým. Ескерту. Сөз мағынасына әсер ететін жағдайда, сондай-ақ өлшем бірлік атауларында қайталама дыбыстар сақталып жазылады: netto, dollar, massa, tonna, mıllıon, mıllımetr.

90. -ий-мен аяқталған сөздердің соңында бірғана ı әрпі жазылады: kalı, alúmını, natrı, kafeterı, realı.

91. Шеттілдік сөздердің соңындағы а әрпі сөз мағынасына әсер етпеген жағдайда түсіріліп жазылады. Қосымшалар соңғы буынға үйлесіп жалғанады: kordınat (-tyń, -y, -qa, -tar), kapsýl (-dyń, -y, -ǵa, -dar), kardıogram (-nyń, -y, -ǵa, -dar), fonem (-niń, -i, -ge, -der), morfem (-niń, -i, -ge, -der), leksem (-niń, -i, -ge, -der), orfogram (-nyń, -y, -ǵa, -dar). Бірақ matematıka, pedagogıka, statıstıka, mehanıka болып жазылады.

92. -cт, -сть әріп тіркестеріне біткен сөздердің соңғысы (лары) түсіріліп жазылады, қосымшалар үндестік заңына сәйкес жалғанады: ekonomıs (-tiń, -i, -ke, -ter), komýnıs (-tiń, -i, -ke, -ter), manıfes (-tiń, -i, -ke, -ter), týrıs (-tiń, -i, -ke, -ter), poves (-tiń, -i, -ke, -ter).

93. p, h әріптеріне аяқталған шет тілдік сөздерге тәуелдік жалғауы жалғанғанда, p, h әріптері ұяңданбайды және қосымшалар жуан жалғанады: arhetıp – arhetıpi, stereotıp – stereotıpi, sheıh – sheıhy, shtrıh – shtrıhy; seh (-tyń, -y, -qa, -tar), sheıh (-tyń, -y, -qa, -tar), shtrıh (-tyń, -y, -qa, -tar).

94. -ог әріп тіркесімен аяқталатын сөздерге қосымшалар жуан жалғанады: pedagog (-tyń, -y, -qa, -tar), еkolog (-tyń, -y, -qa, -tar), fılolog (-tyń, -y, -qa, -tar).

95. -рк, -рг, -кс, -лк, -кл, -нк әріп тіркестеріне біткен сөздерге қосымшалар жіңішке жалғанады: ocherk (-tiń, -i, -ke, -ter), hırýrg (-tiń, -i, -ke, -ter), metalýrg (-tiń, -i, -ke, -ter), polk (-tiń, -i, -ke, -ter), sıkl (-diń, -i, -ge, -der), bank (-tiń, -i, -ke, -ter), tank (-tiń, -i, -ke, -ter).

96. -кт, -ск, -пт, -фт әріп тіркесіне бітетін сөздерге қосымша y, i дәнекері арқылы, ал -кт, -нкт, -ск сияқты құрамында к әрпі бар сөздерге тек жіңішке, басқаларына соңғы буын үндесіміне қарай не жуан, не жіңішке, жалғанады: fakt, faktige, faktisi; pýnkt, pýnktisi, pýnktige; ınstınkt, ınstınktisi, ınstınktige; dısk, dıskige, dıskisi; aksept, akseptige, akseptisi; soft, softyǵa, softysy.

97. Сөз соңындағы -нг әріп тіркесі ń әрпі мен жазылады, қосымшалар үндестік заңына сәйкес жалғанады: boýlıń (-niń, -ge, -i, -der), brıfıń (-niń, -ge, -i, -der), reıtıń (-niń, -ge, -i, -der).

Ескерту. Бір буынды сөздерде нг тіркесі жазылады: rıng, rang, sleng.

98. Ағылшын тіліндегі түп нұсқасында w әрпімен басталатын кейбір сөздер ý әрпімен жазылады: ýаtsap, ýıkıpedıa, ýeb-saıt.

Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Ақсай ауылы, Бейбітшілік көшесі 1 үй

8 (714) 59-3-05-01

Buirektal_95@mail.ru