ЖАҢА ӘЛІПБИ НЕГІЗІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ ЕМЛЕСІНІҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ - VІІ тарау ҚЫСҚАРҒАН СӨЗДЕР ЕМЛЕСІ

1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 Rating 4.43 (14 Votes)

Содержание материала

VІІ тарау

ҚЫСҚАРҒАН СӨЗДЕР ЕМЛЕСІ

73. Басқы әріптерінен қ ысқарған күрделі атаулар бас әріппен жазылады: EQYU (Eýropadaǵy qaýipsizdik jáne yntymaqtastyq uıymy); AQ (Aksıonerlik qoǵam); AAQ (Ashyq aksıonerlik qoǵam); JShS (Jaýapkershiligi shekteýli seriktestik); DDSU (Dúnıejúzilik densaýlyq saqtaý uıymy). Қосымшалар қысқарған сөздің айтылу заңдылықтарына сәйкес дефис арқылы жазылады: EQYU-ǵa; ЕO-ǵa; JShS-nyń, JShS-ǵa; AQ-nyń; DDSU-ǵa; TMD-ǵa, MKK-ge. Бірақ AQSh-qa деп жазылады.

74. Ағылшын тіліндегі атауы бойынша қысқарған әлемдік мәртебесі жоғары халықаралық ұйым атаулары түп нұсқа тіліндегідей жазылады: UNESСO, USAID, NATO, EXPO. Қосымшалар қысқарған сөздің айтылуына қарай дефис арқылы жалғанады: UNESСO-nyń, -ǵa; USAID-tyń, -qa; NATO-nyń, -ǵa; EXPOnyń, -ǵa.

75. Аралас қысқарған сөздер төмендегідей жазылады: QazUÝ (Qazaq ulttyq ýnıversıteti); Eýroodaq (Eýropalyq odaq). Қосымшалар соңғы буынға үндесіп жалғанады: QazUÝ-dyń, -ǵa; Eýroodaq-tyń,-qa.

Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Ақсай ауылы, Бейбітшілік көшесі 1 үй

8 (714) 59-3-05-01

Buirektal_95@mail.ru