ЖАҢА ӘЛІПБИ НЕГІЗІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ ЕМЛЕСІНІҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ - V тарау ДЕФИСПЕН ЖАЗЫЛАТЫН СӨЗДЕР ЕМЛЕСІ

1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 Rating 4.43 (14 Votes)

Содержание материала

V тарау

ДЕФИСПЕН ЖАЗЫЛАТЫН СӨЗДЕР  ЕМЛЕСІ

Қос сөздер дефис (-) арқылы жазылады.

39. Қайталама қос сөздер дефис арқылы жазылады: lek-lek, alýan-alýan, júre-júre, kórekóre, sóıleı-sóıleı, bıik-bıik, kóp-kóp, taý-taý, qaıta-qaıta.

40. Қосарланған еліктеуіш, бейнелеуіш сөздер жəне көңіл-күй, шақыру одағайлары дефис арқылы жазылады: jalt-jult, satyr-sutyr, qalt-qult, shaqyr-shuqyr, shart-shurt, sart-surt, tars-turs, pah-pah, shek-shek, qyraý-qyraý.

41. Сыңарлары өзара мағыналас жəне қарама-қарсы, жиынтық жəне жалпылама мəндегі, сондай-ақ мағынасы көмескіленген қос сөздер дефис арқылы жазылады: syı-qurmet, úgit-nasıhat, oı-óris, ydys-aıaq, telegeı-teńiz, saltdástúr, er-toqym, el-jurt, jer-jahan, kúsh-qaırat, ońtústik-shyǵys, júrek-tamyr syrqaty, shtrıh-kod, oqý-jattyǵý, ákimshil-qysymshyl; úlken-kishi, kári-jas, alys-jaqyn, ashshy-tushshy, alys-beris, joǵary-tómen, kóshi-qon, aıtty-aıtpady, kirerkirmesten, kelimdi-ketimdi, kári-qurtań, kóılekkónshek, et-met.

42. Қосарланған болжалдық сан есімдер дефиспен жазылады: bir-eki, alty-jeti, úsh-tórt, otyz-qyryq, altaý-jeteý, bireý-ekeý.

43.Грамматикалық тұлғалармен келген қос сөздер дефис арқылы жазылады: týradantýra, qoldy-qolyna, ózinen-ózi, qaraptan-qarap, bardy-joqty, azdy-kópti, tekten-tekke, teginnentegin, qolma-qol, betpe-bet, kózbe-kóz, jolma-jol, barar-barmas; bılep-tóstep, sharshap-shaldyǵyp, kórgen-túıgen, jýyp-shaıyp, qyryp-joıyp, jylapeńirep, ósip-ónip.

44. Араб цифрымен берілген санға қосымша дефис арқылы жалғанады, сондай-ақ түсірілген -ynshy (-inshi), -nshy (-nshi) қосымшасының орнына дефис қойылады, ал рим цифрымен берілсе, дефис қойылмайды: 6-ǵa, 100-ge deıin, 10-15-ten; 2018-jyly, 5-sanat, 3-kireberis, 10-qazan, 2-aqpan, 136-bap, 1-úı, 9-páter, ХХІ ǵasyr, III tom, IV taraý. Бірақ № шартты белгісімен тіркесетін араб цифрлы сан есімдер дефис арқылы ажыратылмайды: №82 mektep, dırektordyń №5 buıryǵy, №107 qaýly, №17 kiris.

45. Цифрға тіркелетін % (процент), °С (Цельсий) таңбаларынан кейін жалғанатын қосымшалар дефис арқылы жазылады: 50 %-kе, 10 °С-den tómen.

46. Күшейткіш буынмен келетін сөздер дефиспен жазылады: ap-anyq, qyp-qyzyl, sapsary, jap-jaqsy, súp-súıkimdi, quba-qup. Бірақ appaq, kókpeńbek болып жазылады.

47. Кірме негіздер, аббревиатуралар мен сандардың төл жəне шет тілінен енген сөздермен қосарланған атаулары, сондай-ақ ýeb, eks сөзалды сыңарларымен келетін сөздер дефис арқылы жазылады: breın-rıng, kofe-breık, market-meıker, shoý-bıznes, tok-shoý, blıs-saýal, feıs-baqylaý, art-kafe, pop-mýzyka; MP4-pleerleri, USB-tasymaldaýshy, SD-karta; VIP-palata, IT-mamandar, PR-menejer.

48. -aq, -aı, -aý, -dy, -di, -mys, -mis, -tin, -tuǵyn шылаулары дефис арқылы жазылады: sen-aq, shamaly-aq, kelmeıdi-aý, ádemisin-aı, aıtqan-dy, barypty-mys, kelipti-mis, kóretin-di; еrek-tin, bar-tuǵyn, joq-tuǵyn.

49. Қысқарған сөзге қосымшалар дефис арқылы жалғанады: AAQ-nyń, QazUPÝ-ǵa, TMD-ǵa (§73-75 қараңыз).

Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Ақсай ауылы, Бейбітшілік көшесі 1 үй

8 (714) 59-3-05-01

Buirektal_95@mail.ru