ЖАҢА ӘЛІПБИ НЕГІЗІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ ЕМЛЕСІНІҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ - ІІІ тарау БӨЛЕК ЖАЗЫЛАТЫН СӨЗДЕР ЕМЛЕСІ

1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 Rating 4.43 (14 Votes)

Содержание материала

ІІІ тарау

БӨЛЕК ЖАЗЫЛАТЫН СӨЗДЕР ЕМЛЕСІ

22. Анықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері бөлек жазылады: altyn saǵat, kıiz úı, bota kóz, qara shaı, at qora, maqta maıy, quraq kórpe.

23. Күрделі сан есімдердің əрбір сыңары бөлек жазылады: on bir, on birinshi, on segiz mıllıon, jıyrma segiz, júz on jeti, eki júz jetpis tórt, bir myń toǵyz júz elý úsh, tórt mıllıard, jıyrma úsh bútin onnan bir.

24.Күрделі сын есімдердің əрбір сыңары бөлек жазылады: аl qyzyl, qońyr ala, qyzǵylt sary, qara ala, kók ala, qara kók, aq sur, qula qasqa, qula jıren, tory tóbel.

25. Күрделі етістіктердің, есім жəне еліктеуіш сөздермен тіркескен құрама етістіктердің əрбір сыңары бөлек жазылады: baryp keldi, kele jatyr, jaza ber, kıip júre ber, júgire jóneldi, bara almady, bara almaı qalyp edi, jyǵylyp qala jazdady; qyzmet etý, mán berý, qol shapalaqtaý; shap etý, dý ete túsý, baj etý, lap qoıý.

26. Толық мағыналы сөзбен тіркескен saıyn, keıin, buryn, deıin, sheıin, men, ben, pen, qoı, ǵoı, da, de, ta, te, ma, me, ba, be, pa, pe, she шылаулары бөлек жазылады: jyl saıyn, aı saıyn; sabaqtan keıin; budan buryn; jınalysqa deıin; túske sheıin; qalam men qaǵaz, kitap pen dápter; kerek qoı, kóre ǵoı; ol da, men de; halyq ta, úkimet te; Bar ma eken? Kele me eken? Suraq pa? Kóp pe? Az ba? Kem be? Sen she?

27. da, de, ta, te шылаулы тіркестерімен келген күрделі сөздер бөлек жазылады: bar da kel, aıt ta qoı, qara da tur, kir de shyq. Бірақ urda-jyq, asta-tók, ýda-shý тəрізді лексикаланған тіркестер бірге əрі дефис арқылы жазылады.

28. Негізгі сөзге тіркескен aldy, arty, asty, ústi, mańy, jany, ishi, syrty, basy, tusy, sheti, boıy сияқты көмекші есімдер бөлек жазылады: esik aldy, úı arty, kópir asty, ústeldiń ústi, qala mańy, bazar jany, aýla ishi, qora syrty, qystyń basy, júrek tusy, aýyl sheti, ózen boıy, tula boıy.

Ескерту. Aldy, arty, asty, ústi көмекші есімдерімен келіп, атаулық мағынаға ие болған сөздер бірге жазылады: saılaýaldy naýqan, mektepaldy top, tilarty dybysy, sózaldy syńary, tisarty daýyssyzy, jerústi jumystary, jerasty sýlary.

29. Идиомалық, фразалық тіркестердегі əрбір сөз бөлек жазылады: qas batyr, shynjyr balaq, shubar tós, shıki ókpe, qara ter, ıek artty, bas tartty, bet burdy, ıin tires. Бірақ атау сөздің орнына жүретін лексикаланған тіркестер бірге жазылады: basqosý, atsalysý, aqkóńil (§38-ді қараңыз).

Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Ақсай ауылы, Бейбітшілік көшесі 1 үй

8 (714) 59-3-05-01

Buirektal_95@mail.ru