ЖАҢА ӘЛІПБИ НЕГІЗІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ ЕМЛЕСІНІҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ - ІІ тарау ТҮБІР СӨЗДЕР ЕМЛЕСІ. ҚОСЫМШАЛАРДЫҢ ЖАЛҒАНУЫ

1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 Rating 4.43 (14 Votes)

Содержание материала

 

ІІ тарау ТҮБІР СӨЗДЕР ЕМЛЕСІ. ҚОСЫМШАЛАРДЫҢ ЖАЛҒАНУЫ

Түбір сөздер емлесі

Қазақ тілінде түбір сөздер тіл үндестігі бойынша жазылады.

11. Төл сөздер бірыңғай жуан не жіңішке үндесіммен жазылады: azamat, yntymaq, bosaǵa, turmys; ásem, memleket, izet, úmit, sóılem. Ал кейбір кірме сөздерде тіл үндестігі сақталмай жазылады: quzіret, qudіret, muǵalim, qyzmet, qoshemet, aqіret, qasıet, qadir, kitap, taýqіmet, qazіret.

12. Сөздердің және күрделі сөздер мен сөз тіркестері сыңарларының түбір тұлғасы сақталып жазылады: qulyn (qulun емес), júzim (júzúm емес), kóılek (kóılók емес), júrek (júrók емес), oryndyq (orunduq емес), kók oramal (kóg oramal емес), aq ala (aǵ ala емес), aq aıý (aǵ aıý емес); bara almaımyn (baralmaımyn емес), barsa ıgi edi (barsıgedi емес), baryp pa eken (baryppeken емес), kele jatyr (kelatyr емес), kúnkóris, kúnbaǵys, shekara, qyrkúıek, kókónis.

Қосымшалардың жалғануы

13. Қосымшалар түбірдің соңғы буынындағы дауысты дыбыстың үндесіміне қарай не жуан, не жіңішке жалғанады: jumys-shy-lardyń, qart-tar-dyń, baqsha-myz-da; mekeme-de, bereke-si, teńiz-shi-ler; kitap-tyń, qudiret-ke, muǵalim-niń; kógal-ǵa, kógoraı-ǵa.

14. Сөздің соңғы дыбысы қатаң болса, қосымшалар қатаңнан, ал дауысты, ұяң немесе үнді болса, қосымшалар ұяң не үндіден басталып жалғанады: halyq-qa, qyrat-tar, mektep-ke, kólik-pen; táj-ge, qaryz-ǵa, juldyz-dar; tań-ǵa, pán-der, tal-dyń, kól-ge, bala-ǵa, bala-lar, ájege, áje-niń.

15. Түбірдің соңғы буынында үнді дауыссыз дыбыстан кейін тұрған y, i әріптері тәуелдік қосымшасы жалғанғанда түсіріліп жазылады. Мысалы: aýyl – aýly, daýys – daýsy, erin – erni, halyq – halqy, oryn – orny, ǵuryp – ǵurpy, qyryq – qyrqy (қырқын беру), kórik – kórki (бет-ажар), árip – árpi, naryq – narqy (бағасы), paryq – parqy, qulyq – qulqy, oıyn – oıyny.

Е с к е р т у. Мағынасына нұқсан келетін сөздерде y, i түсірілмей жазылады. Мысалы: qulyq – qulyǵy; kórik – kórigi (ұстаның құралы); qalyp – qalyby (нанның қалыбы); qyryq – qyryǵy (сандық мағына); naryq – naryǵy (термин),.

16. Соңғы буынында á əрпі жазылатын түбір сөздерге ашық дауыстылармен келетін қосымшалар ғана жуан жалғанады: kúnásinа, kúnásinаn, kýásinа, kýásinаn, kúnáǵa, kúnádan, kinálaý, shúbálaný, kýáǵa, kýádan, kúmánǵa, kúmándaný.

17. s, z, j дыбыстарына аяқталатын сөздерге s, sh дауыссыздарынан басталатын қосымша жалғанғанда, түбір сақталып жазылады: basshy (bashshy емес), qussha (qushsha емес), tuzsyz (tussyz емес), sózsiz (sóssiz емес), aýyzsha (aýyshsha емес), tájsiz (táshsiz емес).

18. n дыбысына аяқталатын сөздерге b, g, ǵ, m дауыссыздарынан басталатын қосымша жалғанғанда, түбірдің негізгі тұлғасы сақталып жазылады: burynǵy (buryńǵy емес), janǵa (jańǵa емес), qaýynǵa (qaýyńǵa емес), túngi (túńgi емес), tómengi (tómeńgi емес), júgenge (júgeńge емес), janbaıdy (jambaıdy емес), kónbedi (kómbedi емес), senbeıdi (sembeıdi емес), saımanmen (saımammen емес).

19. Сөз соңындағы k, q, p əріптері тəуелдік жалғауы немесе көсемшенің -а, -е, -ı жұрнағы жалғанғанда, g, ǵ, b ( ý) болып жазылады: júrek – júregi, súıek – súıegi, kúrek –kúregi; qazaq – qazaǵy, baıraq – baıraǵy, taraq– taraǵy; kitap – kitaby, aspap – aspaby, lep –lebi; ek – egedi, tók – tógedi; taq – taǵady, baq– baǵady; kep – kebedi, keýip, jap – jabady, jaýyp, tap – tabady, taýyp. Бірақ sap – sapy, sapynda, tarap – tarapy тəрізді сөздердің түбір тұлғасы сақталып жазылады.

20. Екінші сыңары basy, asy, aǵasy, anasy тұлғаларымен келген біріккен сөздерде қосымша сөздің тəуелдік формасына жалғанады: Elbasyna, Elbasyn, otbasyna, otbasyn, otbasylar, qonaqasyna, qonaqasyn, qonaqasylar, otaǵasyna, otaǵasyn, otaǵasylar, myńbasyn, myńbasyna, myńbasylar. Тəуелдік жалғауының ІІІ жағы жалғанбайды.

21. Түбір сөзге -hana, nama, -góı, -qoı, -kez, -kesh, -paz, -ger, -ker, -tal, -dar, -qor тəрізді араб, парсы тілінен енген жəне -kúnem, -niki (-diki, -tiki), -men (-ben, -pen) тəрізді төл қосымшалар сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарамай жалғанады: kitaphana, ádisnama, emhana; danagóı, aqylgóı; sánqoı, áýesqoı; arbakesh, baıshykesh; jıhankez; ónerpaz, bilimpaz; zańger, saýdager; kásipker, qaıratker; sezimtal, uǵymtal; dindar, qaryzdar; mansapqor, jemqor; paıdakúnem; ataniki, аýyldiki, qаzaqtіkі; qoǵammen, ultpen, qyzben.

Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Ақсай ауылы, Бейбітшілік көшесі 1 үй

8 (714) 59-3-05-01

Buirektal_95@mail.ru