АКТ қолданудың тиімділігі - Бағдарламалар

1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 Rating 0.00 (0 Votes)

Содержание материала

2.2. Бағдарламалар

iSpring QuizMaker  бағдарламасы

iSpring Solutions компаниясы шығарған бағдарлама. Бұл бағдарлама арқылы тест немесе сауалнама құруға болады.

Тест және сауалнама құрудағы мүмкіндіктері өте көп. Мысалға:

  • Аудио,видео, сурет кірістіруге
  • Тест және сауалнама сұрақтарын әртүрлі тәсілдермен қоюға болады.

 

 

1 сурет. iSpring QuizMaker  бағдарламасының интерфейсі

 

Тест сұрақтарының берілу тәсілдері:

  • Бір жауапты
  • Көп жауапты
  • Бос орынды толтыру
  • Сәйкестендіру
  • Белсенді аймақ
  • Ретімен қою
  • Дұрыс және бұрыс
  • Кірістірілген жауаптар
  • Сөз сандығы
  • Санды немесе мәтін енгізу

 

Сауалнама сұрақтарының берілу тәсілдері:

  • Ликерт шкаласы
  • Иә/жоқ
  • Бір жауапты
  • Көп жауапты
  • Қысқа да нұсқа жауап
  • Санды енгізу
  • Сәйкестендіру
  • Мәтінді таңдау
  • Бос орындар
  • Кірістірілген жауаптар
  • Эссе

Бұл бағдарламаны барлық мүмкіндігін пайдалану үшін лицензиясын сатып алу керек. Демо нұсқасы 30 күн.

 

MyTestX бағдарламасы

Бұл бағдарлама арқылы тест құруға болады.  Авторы-Башлаков А.С. Бұл бағдарламаны mytest.klyaksa.net сайтынан жүктеп алуға болады. Бағдарлама тегін таратылады. Ақылы түрі де бар.

Тест сұрақтарының берілу тәсілдері де әртүрлі. Олар мыналар:

  • Бір жауапты
  • Көп жауапты
  • Сәйкестендіру
  • Ретімен қою және т.б.

 

2 сурет. MyTestX бағдарламасының интерфейсі

 

Snagit бағдарламасы

Экрандағы мәліметті жинайтын бағдарлама. Бұл бағдарламаны TechSmiht корпорациясы шығарған. Бір сөзбен айтқанда, экрандағы керек жердің скирншотын алады.

3 сурет. Snagit бағдарламасының интерфейсі

Бұл сияқты бағдарламалардың интернет желісінде түр-түрі бар. Ақылы және тегін түрі де.

  

ІІІ. Қорытынды

Ақпараттық технологияның мұғалім жұмысына ең тиімдісі – оқушылардың білім олқылықтарына үнемі зерттеу жасап, түзету жұмыстарын жүргізуге пайдасы бар. Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдер шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Сондықтан, ХХІ ғасыр – информатика ғасыры, яғни ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан-жақты дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді. Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде – өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашады. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептейміз.

Оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын пайдалану – педагогикалық іс-әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы. Компьютерлік желілерді, интернет жүйесін, электрондық оқулықтарды, мультимедиалық технологияларды, қашықтан оқыту технологиясын пайдалану оқу орындарында ақпаратты-коммуникациялық технологиялар кеңістігін құруға жағдай жасайды.

Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді, өз білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында, жас ұрпақтың тізгіні ұстаздар қауымының қолында екенін есімімізде сақтайық. Мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі – сапалы білім және жақсы тәрбие алған шәкіртінде. Оқушы шығармашылығын дамыту ісі үздіксіз жүргізіле бермек. Бұл қоғам талабына сай туындайтын қажеттілік.

Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады. Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5 % және көргенін 20 % есте сақтайтыны белгілі. Аудио – және видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40 - 50 % дейін арттырады.

Қорыта келгенде, сабақта компьютер және т.б. жаңа ақпараттық құралдарды пайдалану- заман талабы. Жаңа замандағы - Жаңа Қазақстанымыздың дамып келе жатқан қадамында оқу процессіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізілуі де, келешекте компьютер заманы болатынына көз жеткізеді.  «Армансыз адам қанатсыз құспен тең» демекші, менің ұстаз ретінде де, еліміздің ұлтжанды азаматы ретінде де арманым еліміздің әрбір азаматы терең білімді, интеллектуалды, заманауи техникаларды еркін меңгере алатын, әрқайсысы еліміздің дамуына өз үлесін қоса алатын болса деймін. Ол үшін оларға білім беретін ұстаздар өз пәнін жетік меңгерген, ақпараттық технологияларды шеберлікпен пайдалана білетін, теория мен практиканы оқушылар бойына сіңіре алатын шығармашыл, ізденімпаз, ең бастысы еңбекқор болуы қажет.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Біздің міндетіміз- бәсекелестікке лайық ұрпақ тәрбиелеу»- деген ойын басшылыққа ала отырып жаңа заман форматындағы құзіретті тұлғаны тәрбиелеу ұстаз міндеті деп есептеймін.

Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Ақсай ауылы, Бейбітшілік көшесі 1 үй

8 (714) 59-3-05-01

Buirektal_95@mail.ru