АКТ қолданудың тиімділігі - АКТ-ға қысқаша сипаттама

1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 Rating 0.00 (0 Votes)

Содержание материала

II.Негізгі бөлім

1. АКТ - ға қысқаша сипаттама

 

Қазіргі таңда жеткіншек ұрпақ - мектеп оқушыларына білім беруге ерекше көңіл бөлініп келетіні белгілі. «Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін, ең алдымен азаттық пен білім керек» деп көрегендікпен Шоқан Уәлиханов айтқандай, халқымызды кемеліне келтіру үшін жастарымызды білімді, мәдениетті, Отанын, тілін шексіз сүйетіндей етіп дайындауға - әрбір ұстаз міндетті.

Кез - келген пәнді оқытуда ұстаздарға қойылатын басты талап - жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, оқушыларға сапалы білім беру.

«Жаңа ақпараттық – коммуникациялық технологиялар» ұғымының пайда болуы білім беру саласында компьютердің қолданыла бастауымен тығыз байланысты. Көптеген электронды оқулықтар мен оқу бағдарламалары, мультимедиалық оқу бағдарламалары жасалады және жасалып та жатыр.

Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру үрдісі. Бұл үрдісті іске асырудың негізі компьютер болып табылады.

Оқытудың АКТ және олардың қолданудың мүмкіндіктері В. С. Герушинский, В. М. Левина, Е.И.Машбиц, Г. Н. Нұрғалиева т. б. ғалымдарының еңбектерінде зерттелген. Аталған еңбектер білім беру процесінде АКТ - ны қолданудың психологиялық, педагогикалық мүмкіндіктерін ашып көрсетеді.

 1.2. Сабақта АКТ пайдалану жолдары

 Сабақта ақпараттық технология арқылы берілетін білім оқу материалын жүйелі беруге, ақпаратты көруге, есте сақтауға, қатысымдық тұрғыдан меңгеруге мүмкіндік береді.

Сабақта ақпараттық және коммуникативтік технологиялардың мүмкіндіктерін қолдану төмендегідей нәтиже беруде:

  • Ақпараттық технология мүмкіндіктерін қолданып, өз бетімен білімін толықтыруға дағдылануы;
  • Игерген материалдарын шығармашылықпен талдап, өңдеп, қорытындылап, өз көзқарасын қорғай алуы;
  • Жеке қабілеттеріне қарай шығармашылық жұмыстарға белсене араласып, белгілі бір ғылыми білім саласында өз мүмкіндігін көрсете алуы;

Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары:

  1. Интерактивті тақта;
  2. Бағдарламалар;
  3. Интернет кеңістігі;
  4. Электронды оқулық.

 

2.1. Интерактивті тақтаны пайдалану.

«Ауызша айтсаң – тез ұмыттым,

Көрсетсең – есте сақтаймын,

Іске кіріссең – үйренем.» деген екен қытай даналығында.

Ендеше оқушылар интербелсенді тақтаға назар аудара отырып, өтіліп отырған сабақтарын ұтымды түсінуге мүмкіндік алады.

Интерактивті тақта – дегеніміз не?

Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Бүгінгі күні бірнеше ИТ түрлері бар. Олардың ішінде білім саласында қолданып жүргендеріне қысқаша шолу жасайық.

ACTIVboard(Promethean компаниясы) - ACTIVstudio бағдарламасы арқылы іске қосылады. Бұл құрылғы компьютер, мультимедиялық проектор және ақпараттарды енгізуге арналған активті қаламнан тұрады.

Активті қалам – дегеніміз не?

Aктивті қалам – бұл меңзерді басқару құрылғысы және компьютер мен тақта арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы.

ACTIVstudio бағдарламасы

ACTIVstudio PE бағдарламасы арнайы презентацияларды өткізуге және оны сабақ барысында қолдануға негізделген бағдарлама. Бұл бағдарлама ACTIVboard және ACTIVpen қаламымен жұмыс жасау үшін жасақталған. ACTIVstudio бағдарламасының мүмкіндіктері өте көп. Атап айтқанда, презентацияларды құруға, өткізуге, материалдарға арнайы эффектілер қосуға, негізгі кезеңдерді көрсетуге, көрсеткіштерді қосуға, қосымша ақпараттарды енгізуге және басқа да көптеген мүмкіндіктері бар.

Флипчарт

Флипчарт – бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын негізгі жұмыс аймағы. Бұл аймақта презентацияны құруға және оны көрсетуге қажетті құралдардың барлығы көрсетіледі. Бірнеше флипчарттарды бірден ашып, бір флипчарттан келесі флипчартқа, объектілерге сілтемелер қоюға немесе объектілерді бір мезетте келесі бетке көшіруге болады. Флипчартты басу құрылғысынан шығаруға немесе әр түрлі форматтарда экспорттауға болады.

Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Ақсай ауылы, Бейбітшілік көшесі 1 үй

8 (714) 59-3-05-01

Buirektal_95@mail.ru