АКТ қолданудың тиімділігі

1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 Rating 0.00 (0 Votes)

Содержание материала

Жоспары

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. АКТ - ға қысқаша сипаттама.
1. 2. Сабақта АКТ пайдалану жолдары
2. 1. Интерактивті тақтаны пайдалану.
2. 2. Бағдарламалар
ІІІ. Қорытынды.

 

Кіріспе

  «Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына енуі үшін: білімді де зерделі, жан-жақты дамыған дарынды, қабілетті ұрпақ керек»

Ел президенті Н.Ә Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауынан.

  Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, тәжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген іскер мұғалім қажет екендігі аз айтылып жүрген жоқ. Қазіргі уақыттағы білім беру қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат-еліміздегі білім беруде халықаралық деңгейге көтеру және білім сапасын көтеру, жеке тұлғаны қалыптастыру, қоғам қажеттілігін өтеу, оны әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру болмақ. Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен «XXI ғасыр- ақпараттандыру ғасыры» деп аталады.

Ақпараттық қоғамның негізгі талабы –оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық ойлау-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастыру және оқушы әлеуметінің ақпараттық сауатты болып өсуі мен ғасыр ағымына бейімделе білуге тәрбиелеу, яғни ақпараттық қоғамға бейімдеу.

Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс.

Сабақта жаңа технология ретінде ақпараттық технологияны пайдалану сабақтың тиімділігі мен сапасын арттырып, білім берудің табысты болуына оң ықпал етеді.Ақпараттық-коммуникативтік технологияны барлық деңгейлерде жүйелі пайдалану арқылы оқушы сабақтарда алынған ақпаратқа талдау жасай білуге, ақпаратты дұрыс таңдау жауапкершілігін қалыптастыруға және өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады.

Мектепте компьютерлік технологияны қолдану оқушы шығармашылығын арттыруда белсенді роль атқарады. Жеке оқушының компьютерде жұмысты салауатты орындауы, ақпарат көздерін ала білуі дара тұлғаның қалыптасуына әсер етеді.

Компьютер оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса барлық сабақтарды компьютер арқылы жүргізу– оқу үрдісін белсендіруге, проблеманы шешуге және шешім қабылдай білуге, оқушының өзін-өзі бақылауына мүмкіндік туғызады әрі оқушы ерекшелігін ескере отырып оқытуды жүзеге асырады.

Оқытушы сабақты дұрыс жоспарлап, мақсатын нақты белгілеп алмайынша көздегеніне жете алмайды. Сабақтың мазмұнын, құрылысын, дәлдігін, жұмыс жүргізу тәсілін мұқият ойластыруы қажет. 

Яндекс.Метрика
© 2020 Бүйректал жалпы білім беретін орта мектебі. Барлық құқық қорғалған. Сайт құрастырушы- Абилтаев Дастан

Мәзір