Статьи и обзоры nachodki.ru

Мектеп тарихы

1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 Rating 0.00 (0 Votes)

 

 Бүйректал жалпы білім беретін орта мектебінің қысқаша тарихы

   1924 жылы қазіргі Ақсай, бұрынғы атауы Жамбыл ауылында 4 класстық бастауыш мектеп ашылған. Онда 4 оқушы оқыған. Оның ішінде Ұлы Отан соғысы ардагерлері, Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған Әлмағанбетов Батыр, Әбділдин Садық, Ұлы Отан соғысында комсомол ұйымын басқарған 18 жасында қыршын кеткен Қасымов Хамза  оқыған.

Бүйректал мектебінің алғашқы ұстаздарының бірі Бірмағанбет Қолдасбаев, бастауыш сынып мұғалімі Галиева Қазкен, ҰОС ардагері Арыстанбеков Тасмұрат.

1963 жылдан 8 жылдық негізгі мектеп болып құрылып оны Омарбеков Зейнолла басқарды. Ал 1967 жылы Амангелді аудандық атқару комитетінің сәуір айындығы №217 жылғы өкімімен орта мектеп болып құрылған. Мектеп директоры Қамыстаев. Одан кейін Абенов М.Жаманов деген ұстаздар басқарған.

1973–1985 ж.ж. аралығында Рахимов Қ.Р.

1985-1990 ж.ж.- Айтмағанбетов А.К.

1990-1993 ж.ж.- Абильгазин Н.М.

1993-1994 ж.ж. – Ергалиев Г.К.

1994-1995 ж.ж. – Нугманов Т.К.

1996-1999 ж.ж. – Искаков Т.М.

1999-2007 ж.ж. –Қасымова Б.Р.

2007-2012 ж.ж. – Туленов С.О.

2012-2016 ж.ж. – Баймаганбетова А.К.

2016 ж – Абдуалиев Қ.Б.

  Мектеп түлектерінен 2 ғылым докторы, 5 кандидат, 100-ге тартар ауыл шаруашылық маманы, 2 кеден басқарушысы, 10 заң қызметкері, 1 КНБ қызметкері, 4 аудан әкімі, 5 салық қызметкері, 1 милиция полковнигі, 25 қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері, 3 журналист, 1 Ауған соғысы ардагері, 10 совхоз директорлары, 5 ауыл әкімі, 5 мектеп директорлары шығып отыр. (Бұл әлі толықтыратын мәлімет)

Атын мақтанышпен айтатын түлектер:     

  • Әбілқасымов Аманжол, 1945 жылы туған. 1971 жылы Москваның көркем графика факультетін аяқтаған. 1980 жылдан Алматыда мультипликация саласында режиссер.
  • Ахметжанов Сапарғали, 1947 жылы туған. Қоғам қайраткері ,ҚР еңбегі сіңірген дирежері, Амангелді ауданының құрметті азаматы.
  • Қабжамалова Дыбыс Касымовна ,1947 жылы туған, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, райком қызметкері, Торғай облысы әкімшілігінде, Қостанай қаласында тілдерді дамыту орталығының қызметкері.
  • Габдуллина Сауле ,1971 жылы туылған , Қостанай облысы 70 жылдық мерейтойына арналған энциклопедиясына енген, 1996 жылғы Токио олимпиадасында  Әлем чемпионы.
  • Садакбаева Зауреш Кадыровна, алтын медаль иегері, Қостанай қаласында балалар дәрігері;
  • Шагиров Орақбай Хамзинович, үздік аттестат иегері, Қостанай облысы Обаған ауданында экономист;
  • Утельбаев Сабит Абильтаевич , үздік атестат иегері, Астана «Туран» университетінде ұстаз;
  • Асанова Гульмира Каблановна, Қарағанды экономикалық университетіеің Қостанай қаласындағы филиалының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты;
  • Ильясова Анар Козыбавна, үздік атестат иегері, Астана Білім департаментіннің қызметкері;
  • Қасымов Алмат Жумагалиевич, күміс медаль иегері, КНБ қызметкері;
  • Кулекешова Айсұлу Баяновна, үздік атестат иегері, Астана қаласы, С.Сейфуллин атындағы аграрлық университет аға оқытушысы, экономика ғылымының кандидаты;

 

Мектептен  1978 жылдан  1 Алтын медаль иегері, 1 күміс медаль иегері, 30 жуық қызыл атестат иегерлері шыққан.

Мектепте ұзақ жылдар еңбек еткен ұстаздар: 

->Жаркенов Мәлік, 1927 жылы туған, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі болып 1954- 1981 ж.ж. аралығында жұмыс істеген.1981- 1987 ж.ж. Торғай облысының мұғалімдердің білім жетілдіру инстиутында қызмет еткен. 1980 ж. Қазақ ССР үздік ағартушы дипломымен марапатталған;

->Қожахметов Шомыт, математика пәнінен ұзақ жылдар ұстаз болған, 1976 жылы "Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері" атағын алған, 1984 ж. «Ветеран труда» төсбелгісімен марапатталған;

->Асанов Қаблан, 1930 жылы туған, ұзақ жылдар география пәнінің мұғалімі, 1983 ж. Қазақ ССР оқу министірлігі « Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» төсбелгісімен, 1984 жылы «Ветеран труда» төсбелгісімен марапатталған;

->Абилгазин Мырзабек, неміс тілінің мұғалімі болып зейнеткерлікке шыққанша жұмыс істеген;

->Абшукиров Қайдар, ұзақ жылдар математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген;

->Балсуликова Сакен, зейнеткерлікке шыққанша бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеген;

->Жусупова Күләш, 1947 жылы туған, ұзақ жылдар бойы биология пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген.;

->Қасымова Бакиза  Рахымбаевна, 1947 жылы туған, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, ұзақ жылдар директордың оқу ісі меңгерушісі, 1999- 2007 ж.ж. мектеп директоры.

Бүйректал орта мектебі бала саны бойынша 500 оқушыға жетіп, орысша – қазақша 26 сынып комплектісі болып, сұраныс бойынша қазіргі таңдағы мектеп ғимаратын салдырған.

Қазіргі уақытта  Амангелді ауданы  әкімдігінің  "Бүйректал жалпы білім беретін орта мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңды мекен жайы: Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Бейбітшілік көшесі 01 үй.

Мектеп типтік, екі қабатты, 504 оқушыға арналған мектеп. 1994 жылы қыркүйек айынан бастап мектеп ашылды. Ғимарат құрылысы толығымен салынып бітпеген. Мектеп ұжымы өз күшімен 1 қабатын жөндеп кірген.

Статистикалық карта коды ОКПО 50738544, лицензия №14000140  10 қаңтар 2014 жылы берілген. Мектепте оқу екі аусымда, ұлттық тілде жүргізіледі.

 

Просмотров: 403