Все для Joomla . Бесплатные шаблоны и расширения.

"Әкем-асқар тауым" онкүндігінің қорытындысы

Категория: Жаңалықтар Создано: 28.01.2019 Автор: Администратор
1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 Rating 0.00 (0 Votes)

Бүйректал жалпы білім беретін орта мектебінде 15-25 қаңтар аралығында  «Әкем-асқар тауым» тақырыбында онкүндік өткізілді. Онкүндік мақсаты: отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту және бала тәрбиесіндегі әке ролін арттыру. Онкүндік барасында жоспар жасалып, сыныптарда түрлі тәрбиелік іс-шаралар өткізілді.18 қаңтар күні 2-сыныпта Л.Хасенованың ұйымдастыруымен «Қолымнан бәрі келеді» әкелермен бірге сайыс ұйымдастырылды. Сайыста әкелер балаларымен бірге түрлі тапсырмалар орындады. 21 қаңтар күні 1-сыныпта сынып жетекшісі А.Анасованың ұйымдастыруымен өткен «Әкелер бізде қонақта» атты іс-шара өте қызықты әрі мазмұнды өтті деуге болады. Қызықты тапсырмаларды балаларымен бірге орындаған әкелер өздерінің балалары туралы түрлі сұрақтарға жауап берді.

23 қаңтар күні 2 және 3-сыныптарда «Әкем және мен» тақырыбындағы спорттық іс-шарада балаларымен бірге қызықты спорттық тапсырмаларды орындады. Спорттық сайысты сынып жетекшілер А.Бабанова және Г.Атаева ұйымдастырды. Ал 5,6-сыныптар өткізілген «Әкешім –асқар тауым» атты дөңгелек стол тәрбиелік мазмұнға бай болды. Сынып жетекшісі Д.Аренованың ұйымдастыруымен өткен бұл шарада әкелер өте белсенді болды. 9-сынып жетекшісі Қ.Атаеваның ұйымдастыруымен «Әкелермен ғажайып алаңда» ойыны да қызықты тапсырмалар мен сұрақтарға толы болды. 8-сыныпта «Әке-отбасы тірегі» атты тренинг сынып жетекшісі Ш.Өтелбай, 10,11-сыныптарда «Әкем-ақылшым» атты кездесу өткізілді. Кездесуді сынып жетекшілер: Б.Рысбекова және М.Біркемелова ұйымдастырды. Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шараларымыздың ұрпақ тәрбиесінде алар орны ерекше деп білеміз.

Просмотров: 349