Әкелер бізде қонақта

Категория: Жаңалықтар Создано: 23.01.2019 Автор: Администратор
1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 Rating 0.00 (0 Votes)

Мектебімізде қаңтар айынан бастап әкелер фестивалі өтуде. Бүгін 1 сыныпта «Әкелер бізді қонақта» деген тақырыппен  өткізілді. Балаларға отбасының ұйытқысы, негізгі тірегі әке екенін, әкеге деген сүйіспеншілікке, бала мен әке арасындағы тығыз әрі ыстық байланысты ұғындыру және Отбасындағы әке орнын, рөлін көрсете отырып, халықтық тәрбие негіздеріне тоқталып; Оқушыларды үлкендерді сыйлауға, әкені пір тұтуға, адамгершілікке, әке мен ер азамат ұғымының мәнін ұғынуға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды. Әкелер балалармен сағат моделін құрастырды сонымен қатар жұмбақ, мақал-мәтел жарысы болды.

Ситуациялық сұрақтар болды әкелер өз ойларын ашық жеткізе білді. Әкелерден  «Бір-бірімізді жақсы білеміз бе ?» деген  сауалнама алынды. Әкелер риза болып, тағы осындай іс-шаралар болса екен деп өздерінің ұсыныстарын тастады.  

 

Просмотров: 280