Статьи и обзоры nachodki.ru

"Өлке тарихы" атты мектеп мұражайы ашылды

Категория: Жаңалықтар Создано: 13.12.2018 Автор: Администратор
1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 Rating 0.00 (0 Votes)

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2018 жылы 12 желтоқсан күні Бүйректал жалпы білім беретін орта мектебінде «Өлке тарихы» атты мектеп мұражайы ашылды. «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының «Өлкетану» базалық жобасының аясында өткен бұл іс-шараның мақсаты –мұражай ашу арқылы жас ұрпаққа туған өлкенің тарихын таныту,оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу. Бастауыш сынып оқушыларының сәлемдесуімен басталған игі шара,мұражайдың ашылу салтанатына ұласты.

Ашылу салтанаты аудан әкімінің орынбасары С.Ж.Ганиев пен ауылдың ардақты анасы,еңбек ері М.Бимағанбетова апайға берілді. Мұражай ішіндегі құнды деректермен мектебіміздің ұлағатты ұстазы,мұражай жетекшісі А.К.Баймағанбетова таныстырып өтті. Мұражайда ауыл тарихы мен еңбек ерлері,ардақты аналар,мектеп тарихы мен ұлағатты ұстаздар,мектептің әр жылдардағы үздік түлектері туралы деректер қамтылды. Cонымен қатар, мұражай осы заманға сай технологиялармен толықтырылды. Оны айта кетсек "QR-код" бағдарламасы арқылы мұражайда тұрған тұлғалардың өмірбаянымен танысуға болады . Іс-шараға 192 адам тартылды. Сонымен қатар жас өлкетанушылар форумы өткізілді. Бұл іс-шараға ауылымыздың атақты тұлғалары туралы деректер ұсынылды. Жетекшілер көмегімен жинақталған оқушылардың еңбегі көпшілік назарына ұсынылды. Аталған іс-шараға Амангелді ауданы әкімінің орынбасары С.Ж.Ганиев, аудандық білім бөлімінің бас маманы С.Ө.Құттығожин ,ішкі саясат бөімінің басшысы Н.Қ.Тәжин, аудандық «Амангелді арайы» газетінің бас редакторы Х.Қ.Мұсабаев,аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Ж.Дауылбай және арнайы бір топ қонақтар,ата-аналар қатысты.

 

 

 

 

Просмотров: 314