Мектеп оқушыларының ережелері

Категория: Оқушыға Автор: Администратор
1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 Rating 0.00 (0 Votes)

                        Мектепте оқу - тәрбие үрдісінде жағымды жағдай жасау, мектеп маңы мен мектеп өмірінде оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау, адами құндылықтарды сыйлауға, қоғамда өздерін таныта білуге дағдыландыратын мектеп оқушыларының тәртіп

ЕРЕЖЕЛЕРІ

1. Жалпы ереже

Мектепте оқушылар өзара және үлкендер арасында рухани - адамгершілік нормаларын сақтайды. Адал әрі өзінің және өзгенің ар-ождан қағидаларын биік ұстайды.

2. Оқушылар:

  • Оқушы мектепке мектеп үлгісімен (формасымен);
  • Үлкендерге құрметпен қарауға;
  • Көмек керек кезінде кішілерге, мүгедек-кемтарларға көмек көрсетуге;
  • Мектеп мүлкін өз мүлкіндей сақтап, күтуге, басқа да адамдар мен қоғамдық меншіктерді көздің қарашығындай сақтауға;
  • Мұғалімдердің және басқа да мектеп қызметкерлерінің айтқанын бұлжытпай орындауға;
  • Ынталы оқуға, шығармашылықпен жұмыс істеуге және білімді табандылықпен меңгеруге;
  • Сабақтан қалмауға, сабаққа және басқа да іс-шараларға кешікпей, уақтылы келуге;
  • Мектеп ережелерімен талаптарын (мектеп әкімшілігінің , мұғалімдердің, сынып жетекшілері мен оқушылар ұйымының) орындауға;
  • Мектептің қоғамдық және мәдени өміріне белсене қатысуға;
  • Өзінің мәдени деңгейін әрқашан көтеріп отыруға, өз бойында жақсы эстетикалық талғам мен әдептерді қалыптастыруға;
  • Жаман әдеттерден: темекі шегу, жаман сөз айту, қыдыру, салақтық т.б. аулақ болуға, оны болдырмауға;
  • Жеке бас гигиенасын сақтауға, денесін шынықтыруға, мектепте және басқа да қоғамдық орындарда тәртіп пен тазалықты сақтауға;
  • Ұжымда достық қарым-қатынас орнатуға, бірін-бірі құрметтеуге, бір-бірінің абыройы мен намысын қорғауға;
  • Табиғатқа (өсімдік, жан-жануар т.б.) нұқсан келтірмей, қамқор болуға

МІНДЕТТІ

 

  • Оқушылар мұғалімдерді, өзінен жасы үлкен адамдарды «Сіз» деп атайды.
  • Оқушылар үлкенге жол береді. Жоғары сынып оқушылары төменгі сынып оқушыларына , ер балалар қыз балаларға жол берулері тиіс.
  • Өзара түсініспеушілік жағдай болғанда ешқашан күш қолдануға , лас сөздермен балағаттауға болмайды.

 

3. Оқушыларға:

  • Сабақ уақытында мектептен және мектеп маңынан мұғалімдердің, мектеп әкімшілік мүшелерінің, сынып жетекшілерінің рұқсатынсыз кетуге;
  • Сыныптан тыс және спорттық, мәдени көпшілік іс-шараларды өз бетінше тастап кетуге;
  • Мектепке және мектеп маңына қару, өртке қауіпті жарылғыш, жанғыш сұйықтық, газ баллонын, темекі, спирттік ішімдіктер, есірткі, адамды жындандыратын, естен тандыратын, қанын қыздыратын құралдар, сонымен бірге улы және токсиндік заттар әкелуге;
  • Мектеп маңы мен мектепте шылым шегуге ;
  • Ұялы телефон әкелуге, сабақ үстінде, үзіліс уақытында ұялы телефонды пайдалануға

ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

 

Мектеп оқушыларының

  • Терезе алдында, жәшіктерге (шкафтарға) және басқа заттарға, шатырға мінуі; Электр жүйелерін, қосып-айыратын нүктелі жәшіктерді ашуы;
  • Мектеп мүлкінің, басқыш сатының ұшты бұрыштарына отыруы, асылып тұруы, басқаларды итеруі;
  • Шаруашылық заттар қоймасына кіруі;
  • өмірі мен денсаулығына қауіпті болғандықтан қатаң тыйым салынады.

 

4. Мектепке сабақ басталғанға дейін

  • Оқушылар мектепте сабақтың басталуына 20 минут қалғанда мектеп үлгісінде таза, ұқыпты киініп келеді. Төменгі сынып оқушылары сабақтың басталуына 25 минут қалғанда келеді.
  • Мектепке кіргеннен соң сырт киімдерін шешіп, шаштарын, киімдерін ретке келтіріп, сынып бөлмесіне барады. Сабаққа керек оқу-құралдарын парта үстіне шығарып, дайын отырады.

 

5. Сабақ үстінде

  • Сынып бөлмесіне мұғалім кіргенде оқушылар орнынан тұрады. Сәлемдескеннен кейін мұғалімнің рұқсатымен орындарына отырады. Сонымен қатар сабақ үстінде сынып бөлмесіне кірген жасы үлкен адамға оқушылар орнынан тұрып сәлемдеседі. Мұғалім немесе басқа да жасы үлкен адам сынып бөлмесінен шыққанда да оқушылар орнынан тұрады.
  • Сабақ үстінде сабақтың тәртіп ережелерін сол сабақтың пән мүғалімі белгілейді.
  • Сабақ үстінде шулауға , өз бетінше қозғалуға, басқа оқушыларды алаңдатуға, әңгіме айтуға, сабаққа қатысы жоқ басқа іс-әрекеттермен шұғылдануға, ойын ойнауға болмайды.
  • Егер оқушы бір нәрсе айтқысы келсе, жауап бергісі келсе, сұрақ қойғысы келсе қол көтереді. Тек мұғалімнің рұқсатынан кейін ғана орындай алады. Мұғалім басқа тәртіп орнатуы мүмкін.
  • Қоңырау-мұғалімге сабақтың біткендігін хабарлайтын кұрал. Қоңырау сабақ уақытын дәл есептейді.
  • Егер оқушы денсаулығына байланысты сабақтан қалса, сынып жетекшісіне дәрігерлік анықтама немесе өте қиын жағдайда ата-анадан мәлімдеме қағаз әкеледі. Сабақтан дәлелсіз қалуға, сабаққа кешігуге болмайды.

 

6. Үзілісте және сабақ аяқталғаннан кейін

  • Үзілісте оқушылар өздерінің отыратын, жұмыс істейтін орындарын ретке келтіруге: сынып бөлмесінен шығуға;
  • Кезекші мұғалім мен кезекші окушылардың және мектеп қызметкерлерінің талаптарын орындауға

МІНДЕТТІ

6.1. Үзілісте

  • Басқыш сатымен және дәлізде, сынып бөлмесінде жүгіруге, ойнауға; бір-бірімен алысуға, әр түрлі затарды лақтыруға , дене күшін қолдануға;
  • Айқайлауға, лас сөздер айтуға, шулауға, басқа оқушылар мен мұғалімдердің демалуына кедергі келтіруге болмайды.

 

7. Асханада оқушылар

  • Ыстық және сұйық тағамдарды тұтыну кезінде сақтық пен абайлаушылықты басты назарда ұстайды.
  • Асханада дайындалған және үйден әкелінген барлық тағамдар мен шырындарды тек асханада ғана ішеді;
  • Аспазшылар мен мұғалімдер қойған талаптарға бағынады;
  • Тамақтану кезінде бір-бірімен сөйлеспейді, әңгімелеспейді; Тамақтанып болғаннан кейін үстел үстін жиыстырады.

 

8. Қорытынды ереже

  • Көрсетілген ережелер мен мектеп Жарғысын бұзған жағдайда оқушыларға мектеп Жарғысында қаралған тәртіп ережелерін үйрететін іс- шаралар өткізіледі. Мектеп Жарғысына атап көрсетілген талаптарды бұзған жағдайда оқушы мектептен аластатылуы (шығарылуы) мүмкін
  • Осы ережелер мектепте өткізілетін барлық іс-шараларда жүзеге асырылады.
Просмотров: 282