Previous Next

VIII Аудандық спартакиада

1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 Rating 0.00 (0 Votes)

Ауданымызда салауатты өмір салтына тәрбиелеу, ауданда спорт түрлерін насихаттау, үздік шыққан спортшыларды анықтау мақсатында мектеп оқушыларының жазғы VIII аудандық спартакиадасы болып өтті. Бұл жарысқа мектебімізден оқушылар қатысып, жүлделі орындармен қайтты. Атап айтсақ:

  • Шахмат ойынынан ұлдар арасынан жүлделі 3 орынды-Мирасбек Нұрымжан;
  • Шахмат ойынынан қыздар арасынан жүлделі 1 орынды-Балтабай Елдана;
  • Дойбы ойынынан қыздар арасынан жүлделі 2 орынды-Қаупышова Гүлсезім;
  • Стол теннисі ойынынан қыздар арасынан 3 орынды Молдабаева Жанерке.

Командалық жарыстан Бүйректал жалпы білім беретін орта мектебі шахмат ойынынан 2 орынды жеңіп алды.

 

Оқушыларды жаттықтырушы-Аймаганбетов Е. және Жақсылық Д.

 

Алдағы уақытта Бүйректал орта мектебі оқушылары талай жетістіктерге жететініне сенімдіміз. Тек қана алға!

 

Яндекс.Метрика
© 2020 Бүйректал жалпы білім беретін орта мектебі. Барлық құқық қорғалған. Сайт құрастырушы- Абилтаев Дастан

Мәзір