Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының <Биылғы бәйгелер Абай шығармашылығына арналады>, - деген үндеуін негізге ала отырып, 2020 жылдың 6 ақпан күні Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай мектепішілік <Абай жолы> атты жас көркемсөз оқу шеберлерінің арасында мүшайра өткізілді.
Ережесі: қатысушылар Абай шығармашылығынан өзі таңдаған кез-келген бір өлеңді мәнерлеп, жатқа оқып беруі қажет еді.
Жас ерекшелігі: 5-7 сынып оқушылары.
Бүгінгі сайысқа белсенділік танытып қатысқан оқушылар :
- 5-сыныптан Арыстанбекұлы Нұрислам, Мирасбек Нұрсая, Серікбаева Сабина;
- 6-сыныптан: Жұматова Дарина, Балтабай Анара;
- 7-сыныптан: Жумагалиева Шахназ, Байгөбен Гүлсая, Өмірзақ Гүлнаурыз.
Барлық қатысқан оқушыларға алғыс білдіреміз.
<Al-Faraby> Республикалық білім қолдау орталығының Алматы қаласында 2020 жылғы 20 қаңтар - 14 наурыз күндері аралығында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Республикалық <Абай жолы> атты жас көркемсөз оқу шеберлерінің арасындағы мүшайраға жолдаманы ұтып алған Өмірзақ Гүлнаурызды құттықтаймыз.