Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері

1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 Rating 0.00 (0 Votes)

                                           Ата-аналардың кұкықтары мен міндеттері :           

Мектеп өміріне қатысуға;

Ата-аналар комитетінің мүшесі болуға құқылы.

«Білім туралы» Заңда, « Отбасы кодексінде» , «Мектеп жарғысында» сонымен қатар, басқа да норматнвті - құқықты актілерде көрсетілген ата-аналар міндеттерін орындауға;

1. Ата-аналар комитетінің іс-шараларына қатысып, мектеп әкімшілігі және педагогикалық ұжыммен бірігіп жұмыс жүргізуге;

2. Баласының сабаққа кешікпеуін, сабақтан себепсіз қалмауын қадағалауға;

3. Сабақ кестесіне сәйкес оқулықтар және оқу құралдарымен қамтамасыз етуге;

4. Мектеп жарғысына сәйкес оқушының мектеп формасын сақтауын қадағалауға;

5. Баланың сабақтан тыс іс шараларға үйірме және секцияларға, мектепішілік олимпиадаларға, жарыстарға қатысуын бақылауға алуға;

6. Оқушының оқулықты ұқыпты ұстауын қадағалауға;

7. Егер бала мектеп мүлкін бүлдірсе (оқу-зертханалық және басқа жабдықты бүлдірсе, оқулығын жоғалтса және т.б.) көрсетілген шығынды белгіленген тәртіпке сәйкес қалпына келтіруге;

8. Баланы сабақтан бос уақытында және демалыс кездерінде қараусыз жіберіп,тәртіпсіздік жасауына жол бермеуге, баланың уақытын үнемді, мақсатты пайдалануын ұйымдастыруға;

9. Баланың санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жүруіне, денсаулыққа байланысты зиянды заттарды пайдаланбауын қадағалауға;

10. Баланың қалтасында өткір,үшкір,түйрейтін,кесетін,улы заттармен (пышақ, қайшы,ине,дәрі) жүрмеуін бақылауға;

11. Ата-аналарға арналған іс-шараларға, ата-аналар жиналысына белсене қатысуға;

12. Балаға қоғамдық жерлерде жүру тәртібін үйретуге;

13. Балаға сағат 20.00 дан бастап, далада жүруіне тыйым салуға;

14. Балаға патриоттық,рухани адамгершіліктік тәрбие беруге

15. Баланың салауатты өмір салтына сәйкес өмір сүруіне жағдай жасауға;

16. Баланы кез-келген діни, басқа да жағымсыз әсер ететін ұйымдардан қорғауға міндетті.

17. Баланы дүкенге темекі,алкогольді ішімдіктерге жұмсауға;

18. Көлік жүргізуге тыйым салуға;

 

Ата-аналарға қойылатын мектептің  ішкі тәртіп ережесі:

 

1 .Әр ата-ана және оқушы мектептің ішкі тәртіп ережесіне бағынуға міндетті.

2. Ата-ана баласының сабақтан кешікпеуін,сабақтан себепсіз қалмауын қадағалауы тиіс. Егер де оқушы сабақтан себепті қалатын болса, оны анықтамамен дәлелдеуі тиіс.

3. Ата-ана баласын мектеп формасымен,екінші аяқ киіммен, қажетті оқу-қүралдарымен толық қамтамасыз етуге жауапты.

4.0қушыны демалыс кезінде мектептің жоспары бойынша ұйымдастырылған іс- шараларға қатыстыруы тиіс.

  • Мектептегі іс-шараларға 6 жасқа толмаған балаларды әкелуге тыйым салынады.

1. Сабақ уақытында сынып жетекшісінің уақытын бөлуге тыйым салынады.

2. Сынып жетекшісімен алдын ала келісім бойынша, сабақтан бос уақытта кездесуге болады.

3. Мектеп әкімшілігімен кездесу үшін кезекші мүғалімге өзінің жеке куәлігін көрсетіп, тек жазылу арқылы кіргізіледі. Сұрақ туған жағдайда, алдымен, сынып жетекшісі, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектепішілік ата-аналар комитетінің мүшелерімен талқылауы тиіс.

4. Оқушылардың үялы телефондары және басқа да бағалы заттары жоғалса, мұғалім және мектеп әкімшілігі оған жауап бермейді;

5. Мектеп ауласына велосипедпен, роликпен,балаларға арналған бесік арбамен (коляскамен) кіруге, мектеп ауласында серуендеуге тыйым салынады.

 

Яндекс.Метрика
© 2019 Бүйректал жалпы білім беретін орта мектебі. Барлық құқық қорғалған. Сайт құрастырушы- Абилтаев Дастан

Мәзір